Жаңалықтар

Жемқорлық дауы: ҚР БҒМ Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жауап берді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттен қаржыландырылатын ғылыми жобаларды іріктейтін Ұлттық ғылыми кеңес құрамына бірнеше меморганды қосуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Атап айтқанда, ғылыми жобаларды қаржыландыру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық ғылыми кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, прокуратура органдарының, Есеп комитетінің өкілдерін енгізу ұсынылды.


«Министрлік ғылым саласын гранттық қаржыландыру жүйесіне нормативтік және заңнамалық өзгерістер енгізу қажеттігімен келіседі. Аталған жұмыстың жаңа бағыттарын өткен жылы ғылыми қауымдастық кеңінен талқылап, қолдау білдірген еді. Министрлік ҚР Президенті Әкімшілігі, Есеп комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен келіп түскен ұсынымдарды жинақтады. Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзгерістер мен толықтырулар әзірленіп жатыр», - делінген ҚР Білім және ғылым министрлінің баспасөз қызметі жіберген хабарламада.


Сонымен бірге, Ғылым комитеті қаржыландырылатын жобалар бойынша Ұлттық ғылыми кеңес ғалымдары күмәнді шешімдер қабылдайтындығы туралы пікірмен келіспейді.


«Ғылыми жобаларды қаржыландыру конкурсына қатысушылар тарапынан мүдделер қайшылығын болдырмау мақсатында, әділдік пен тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін Ғылым комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Рахымжан Нұрсейітов Ұлттық ғылыми кеңес құрамына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерін және қажет болса, ҚР прокуратура органдары мен Есеп комитетін қосуды ұсынды. Ғылым комитеті шешімдеріне не министрлік, не Ғылым комитеті әсер ете алмайтын ҰҒК ғалымдарының қаржыландырылатын жобалар бойынша күмәнді шешім қабылдады деп санамайды», - делінген хабарламада.


Ғылым комитеті барлық ғалымдарға өз жобасы бойынша ғылыми жұмыс нәтижелерін тұрақты түрде қоғамға хабарлап отыруды ұсынды. Айта кетейік, өткен аптада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев Ұлттық ғылыми кеңесті жемқорлыққа жол берді деп сынаған болатын.


Оның айтуынша, Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын жасақтауда заң өрескел бұзылған.


 




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.01.2019, 22:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31