Жерге екі қауіпті астероид жақындап келеді

02 қаңтар 2022, 10:47

Жерге қауіпті екі астероид жақындап келеді. Мұндай деректермен NASA бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life басылымына сілтеме жасап.

Аспан денелерінің бірі (астероид 2013 YD48) Лондондағы Биг-Бен сағатымен бірдей, ал екіншісі (астероид 7482 YD4) Нью-Йорк қаласындағы Эмпайр-стейт-билдинг көпқабатты ғимаратынан екі есе үлкен. 

Алдын ала есептер бойынша, 2013 YD48 астероиды 11 қаңтарда Жерден 5,6 миллион шақырым қашықтықтан өтеді. Ал 7482 YD4 астероиды 18 қаңтарда Жерге 0,013 астрономиялық бірлікке жақындайды. NASA аспан денелерін зерттеу орталығының өлшемі бойынша бойынша мұндай қашықтық "жақын" болып саналады. 

Stan.kz