Жаңалықтар

Жоғары білімнің ақысы көтеріле ме – министрдің жауабы

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары білімнің ақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бүгін үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында министрге "Жоғары білім ақысының 20-30 процентке өсетіні рас па?" деген сұрақ қойылды. Аймағамбетовтың айтуынша, қазіргі кезде министрлік аталған мәселемен айналысып жатыр.


"Өткен жылы заңда бір норма болды. Оған сәйкес, ақылы бөлімнің бағасы гранттың құнынан аспауы қажет. Заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін ол норманы алып тастады. Сондықтан бүгінде жоғары оқу орындары ақылы бөлімнің бағасын өздері анықтайды. Дегенмен, қазіргі кезде біз осы мәселемен айналысып жатырмыз. Осыдан кейін мемлекеттік жоғары оқу орындарында білімнің ақысы қанша болатынын хабарлаймыз", - деді Аймағамбетов.


Айта кетейік, үкіметтің бүгінгі отырысында министр грантқа түсе алмаған талапкерлердің қосымша грантқа таласуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.


Оның айтуынша, биыл қосымша 5 мың грант көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Гранттардың қаражаты трансфер арқылы жергілікті әкімдіктерге аударылады.


Ал атқарушы органдар өңірдің қажеттілігін ескере отырып, нақты мамандықтардың тізбесін жасайды. Одан кейін конкурс негізінде гранттарды таратады.


 




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 17:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31