Жаңалықтар

Жоғары оқу орындары студенттеріне жеңілдік жасалады

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Студенттердің жаппай жасаған үндеуінен соң, Алматыдағы кейбір жоғары оқу орындары шәкірттеріне жеңілдіктер жасайтын болды. Интернеттің жоқтығынан онлайн қосыла алмаған жастар мемлекеттік емтиханды асықпай тапсыра беруіне болады.

 

Гаухар Алдамбергенова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры:

 

- Егер де ол бала интернет жүйесіне байланысты немесе техникаға байланысты емтиханын уақтылы тапсыра алмаса, оны біз келесі жылға ауыстыруға мүмкіндігіміз бар немесе жазғы сессияны ұйымдастырамыз. Егер де жазғы семестрге дейін де әрі қарай жалғасып кетіп жатса, онда біз оны қыркүйек айына, қазан айына барлық жағдайды жасаймыз.

 

Қазақ ұлттық университетінің студенттері емтиханды кейінге қалдыруда сұрап, әлеуметтік желіде арнайы үндеу жасаған болатын. Өйткені бәрінің бірдей сапалы интернетке қосылып, сабақ өтуге шамасы жоқ.

 

Ал шәкірттерінің жағына алғашқылардың бірі боп Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті шықты. Ауылдағы жастардың жағдайын ескерген жоғары оқу орны мемлекеттік емтиханды кейінге қалдырыпты.

 

Дегенмен, бұл бітірушілер биыл дипломсыз қалады деген сөз емес. Карантин созылған жағдайда, олардан емтихан телефон арқылы қабылданады.

 

Оқу ақысын дер кезінде төлеп үлгермеген жастар да алаңдамаса болады. Себебі, карантиннен кейін асықпай төлеуге мүмкіндік берілді.

 

Студенттердің айма-ай алып отырған стипендиясы да үзілмейді деп сендірді университет ректоры.

 

Ал Алматы менеджмент университеті онлайн емтихандарды мүлде тоқтатып тастаған. Қорытынды бағаны студенттің ортақ балынан шығарады. Ал дипломдық жұмыстарды жазға қалдырды.

 

ktk.kz

 




Көрілген: 751    Пікірлер: 0

жұма, 24.04.2020, 08:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30