Жаңалықтар

Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру мерзімі ұзартылды

  • Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру мерзімі ұзартылды

    Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру мерзімі ұзартылды

Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, құжат қабылдау уақытының ұзартылуына талапкерлерден келіп түскен өтініш себеп болды.

 
"Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранттарының иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді", - деп атап өтті Қуаныш Ерғалиев.

Ал мұның алдында ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет еді.

Білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы қабылданады.

Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Олардың тізімі білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.

Stan.kz




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.08.2021, 11:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31