Жаңалықтар

Жоғары оқу орындарының студенттері дәстүрлі оқу режіміне қашан көшеді

  • сурет ашық дереккөзден

    сурет ашық дереккөзден

Жоғары оқу орны студенттері дәстүрлі оқу режиміне қашан көшетіні ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып шешіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Студенттердің қашан дәстүрлі оқу режімінде оқитынын құзіретті органдар шешеді. Бәрі де эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Ал өз атымнан айтар болсам, Білім және ғылым министрлігі де, жоғары оқу орындары да дәстүрлі режімде оқуға дайын», - дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

 

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, алдымен аралас, одан кейін дәстүрлі оқу режиміне көшетінімізді, яғни бәрі кезең-кезеңімен болатыны алдын ала ескертілген.

 

«Мұндай жағдай еліміз бойынша да, әлем бойынша да бірінші рет орын алып отырғанына келісетін шығарсыздар. Сондықтан дәстүрлі режимде оқыту туралы шешім кезең-кезеңімен жүзеге асады. Әзірге тек 1-5 сынып оқушылары ғана аралас режимде оқитыны сияқты, барлық мекемеде де осылай кезең-кезеңімен шешім қабылданады. Біз бұл мәселені ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып шешеміз. Бұған қатысты нақты ереже жоқ, бәрі еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ», - дейді ол.

 

 




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 14:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31