Жаңалықтар

Жол саласында маман тапшы

  • Жол саласында маман тапшы

    Жол саласында маман тапшы

 Жыл сайын елімізде заң саласына 40 мың, ал аудармашы ісіне 30 мыңдай жас маман қосылып отырады. Ал жол саласы бар болғаны мың маманмен толығады. Іс жүзінде қажеттілік одан бірнеше есе көп. Бұл туралы жол активтері ұлттық сапа орталығының бас директоры Замир Сағынов Қазақстан автомобиль жолдары институты студенттерімен өткізген семинар сабақта мәлімдеді.
100 ден астам студенттер қатысқан онлайн сабақта, Қазақстанның жол саласында орын алып жатқан жетістіктер мен кемшіліктер сөз болды.
Қазақстан кәсіпкерлер палатасы жүргізген зертеулерге сәйкес, жол саласын бітірген жастар ең тез жұмыспен қамтылатын мамандық иесі. Яғни жолшы-болашақтың мамандығы деуге негіз бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болашақ - білікті де білімді, бәсекеге қабілетті жастардың қолында екенін айтып, оларды карантин уақытын бос өткізбей, кітап оқып, алға ұмтылуға шақырды. Жалпы мұндай семинар сабақтар алдағы уақытта басқа да жоғарғы оқу орындарында жалғасады, - деді Замир Сағынов.

Орталық басшысы жазғы уақытта жастарды жол сапасын тексеретін ұлттық сапа орталығына келіп өндірістік тәжірибеден өтуге шақырды.

Жазғы маусымға әрбір облыстан 3-4 студентті каникул кезінде Автомобиль жолдары комитетіне қарасты Жол активтері ұлттық сапа орталығына ақылы практикадан өткізу туралы да айтып кеттім. Бұл бір жағынан студенттерге үлкен тәжірибе болмақ, себебі алдағы уақытта маман болып қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Екінші жағынан, істеген жұмысына қарай еңбекақы да алады, - деді орталық басшысы.

BAQ.KZ.




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.04.2020, 19:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30