Жаңалықтар

ЖОО-ға құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

  • © Елорда Инфо

    © Елорда Инфо

Биыл жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлады Елорда Инфо.

 

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, мұндай шешімді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдаған.

 

«Бұл ретте құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранты иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді», – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын.

 

Қазір білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр.

 

Ал ақылы негізде оқу үшін ЖОО виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет.

 

Олардың тізімі БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналасқан.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.08.2021, 17:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31