Жаңалықтар

ЖОО-лар бізді тексеруге кіргізбейді - Білім министрлігі

  • ЖОО-лар бізді тексеруге кіргізбейді - Білім министрлігі

    ЖОО-лар бізді тексеруге кіргізбейді - Білім министрлігі

Қазір бірнеше ЖОО білім және ғылым министрлігімен сотқа тартылуда, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазір бізбен соттасып жатқан жоғары оқу орындары бар. Мен оларға жарнама жасамау үшін аттарын атамаймын. Бүгінде онда студенттер оқып жатыр, олардың көбі осы жағдайды біле отыра оқуға түседі.", - деп атап өтті Дәуленов.
Бұл ретте, ведомствоның мәліметінше, жоғары оқу орындары тарапынан министрліктің іс-әрекеттеріне кедергі келтіру фактілері бар.

"Бізді ЖОО тексеру үшін ғимаратқа кіргізбейді. Егер бұл мықты университет болса және ол шынымен сапалы білім берсе, онда ол неден қорқады?",- деді Дәуленов.
Оның айтуынша, жоғары оқу орындары "әрбір іс-қимыл мен тексеру нәтижелеріне"шағымдана отырып, тексеру және түпкілікті шешімді шығару процесін кешіктіруде.

Ведомство тексерулерге селективті емес, жүйелі түрде, азаматтардан келіп түсетін дабыл хабарламаларына жауап беретіндерін айтты. Оқу орындары тәуекелдерді бағалауды өздері толтырады, олардың негізінде Министрлік тексеру жүргізу немесе жүргізбеу туралы шешім қабылдайды.

Сапаны бақылау барысында бұзушылықтар анықталады және тексеруден өтпеген адамдарға ұсыныстар беріледі.

"Бірінші тексеруден кейін, егер ЖОО-да бұзушылықтар болса, біз оларға бұл туралы ескертеміз. Бұл ретте жоғары оқу орны көбінесе оларды жоймайды, бұл екінші тексеру кезінде анықталады", - деді Дәуленов.

Университетті лицензиядан айыру үшін бір жарым жыл қажет, өйткені алғашқы тексеруден кейін ескертулерді жоюға уақыт беріледі. Үшінші тексеруден кейін ғана университет лицензиядан айыра алады.




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 17:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30