Жаңалықтар

ЖОО-ларда грантқа құжат қабылдау 13 шілдеден басталады

  • https://tengrinews.kz/

    https://tengrinews.kz/

Биыл мектеп түлектері алғаш рет ҰБТ-ны электронды форматта тапсырды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлінді. Нақтырақ айтқанда, тестілеу процесі шифрлау элементтері бар арнайы жабық VPN желісі арқылы жүзеге асырылды. Ал дұрыс жауаптар коды тек Ұлттық тестілеу орталығында болды. Биылғы ҰБТ туралы бүгін ОКҚ-да айтылды деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

 

БҒМ Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев электрондық тестілеудің басты тиімділіктерін атап өтті.

 

«Жалпы, екі жылдық апробация барысында электрондық тестілеу жетілдіріліп, ҰБТ тапсыру кезінде қағаз форматпен салыстырғанда мынадай артықшылықтарды атап өтуге болады: талапкер тестілеу күні мен орнын өзі таңдау мүмкіндігі; тестілеу уақытын үнемдеу; алдыңғы тест тапсырмаларында таңдалған жауаптарды қайта өзгерту мүмкіндігі; тестілеу нәтижелерін өңдеу кезінде кездесетін  қателерді болдырмау, яғни жауап парағында боялған немесе жартылай боялған жауаптарды сканердің дұрыс оқымауы, жауап парағын толтыру барысында басқа секторлардың боялып кетуі және т.б; тестіленуші қате толтырылған деректерін өзгертуге, сондай-ақ тапсыру тілін, пәндерін ауыстыруға мүмкіндігі бар; тестілеу нәтижелері аяқталғаннан кейін бірден сол жерде, сонымен қатар Жеке кабинетте көрсетіледі; тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру мүмкіндігі бар; тестілеуді өткізу рәсімін тұрақты бақылау жүргізіледі;», -деп нақтылады Тойбаев.

 

Департамент директоры ҰБТ-ның соңғы нәтижелері тамыз айында дайын болатынын ескеріп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шара қолданылатынын айтты.    

 

«Қолданыстағы ережелерге сәйкес барлық бейнежазбалар ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін талданып, тыйым салынған заттарды пайдалану анықталған жағдайда, тестілеушінің балдарымен қоса білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі де жойылады. Айта кету керек, ҰБТ штаттық режимде және қандай да бір форс мажорсыз өтті. Егер бұрынғы формат болса, елде Дельта штаммы таралған кезде 10 күнде 285 мыңнан астам адамды сынақтан өткізу мүмкін болмас еді», - деді Әділет Тойбаев.

 

Сондай-ақ, министрлік өкілі 13 шілдеден бастап ЖОО-да грантқа құжаттарды қабылдау басталатынын ескерді.

 

 

 




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 18:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30