Жаңалықтар

ЖОО мен колледж түлектеріне электронды диплом беріледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Биылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждер түлектерге дипломды электронды форматта беретін болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғаридің қатысуымен өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Биылдан бастап барлық жоғары оқу орны мен колледж түлектері дипломды қағаз түрімен ғана емес, электрондық түрде алады. Барлық нормативті акті қабылданды. Бұл не үшін қажет? Жұмыс беруші мен азаматтарда дипломның жасанды емес екеніне, сапасына қатысты сұрақтар туындап тұратыны жасырын емес. Дипломын растау үшін жұмыс беруші мен жас маманның көп уақыты кетеді. БҒМ-ға жыл сайын дипломның заңды екенін растау үшін 500 мыңға жуық өтінім келеді. Оны растау үшін көп уақыт қажет», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 1992 жылдан бергі 2,5 миллион диплом мәліметтер базасына енгізілген. Қазіргі уақытта жоғары оқу орнын 1992 жылға дейін бітіргендердің тарихи мәліметтері жиналып жатыр.

 

«Биыл біз барлық дипломды цифрландырдық. Білім және ғылым министрлігі сайтынан базаға енгізілген дипломды онлайн режимде тексеруге болады. Жұмыс берушінің де, жұмысқа тұратын азаматтың да уақыты мен ақшасы үнемделеді. Енді дипломның заңды екенін растау үшін нотариусқа барып, ақша төлеудің қажеті жоқ. Жыл соңына дейін бұл жұмысты толық аяқтаймыз», - дейді ол.

 




Көрілген: 349    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.06.2020, 16:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30