Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ЖОО студенттерінің стипендиясы 2025 жылға дейін 2 есеге ұлғайтылады

15 желтоқсан 2022, 16:50

‍Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖОО студенттерінің стипендиясы 2025 жылға дейін 2 есеге ұлғайтылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026-2030 жылдар аралығындағы жұмыс осы тапсырма шеңберінде жалғастырылатын болады.

 

‍Барлық студенттерге білім алу үшін қажетті әлемдік цифрлық ресурстарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.  Өткізілген жұмыс қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларына енгізу үшін өзекті курстар іріктелді. 654 Coursera курсы мен 650 білім беру бағдарламаларының тізімі жасалды және ол 1500 пәнге қолданылуы мүмкін.

 

Студенттік жатақханалар салу кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін қысқарту және жатақханадағы бір орынға мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін, Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін ұлғайту арқылы қолданыстағы мемлекеттік-жеке әріптестік тетігін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.