Жаңалықтар

Жыл басы – Наурыз

  • Жыл басы – Наурыз

    Жыл басы – Наурыз

Жақында елімізге әйгілі жоғары оқу орыны, қазақтың қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кампусының әкімшілігі «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының аумағында «Армысың, әз-Наурыз!» атты Наурыз-думан мерекелік концерт болып өтті.


Мерекеге университет ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов қатысып, той-думандық іс-шараға жиналғандарды жыл басы – Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ректор наурыз мейрамының тойлану тарихына тоқталып, аталмыш мерекенің кезінде, Кеңес Одағы кезінде 60 жылдай уақыт тойланбай қалғанын, кейінірек бұл мейрамды атап өту қайта қолға алынғандығын, сонымен қатар Қазақстанның Батыс өңірлерінде Наурыз мейрамымен құттықтауды 13 наурыздан бастап кететіндігін айтып өтті. Университет басшысы жиналған жұртышылықпен, кеш қонақтарымен және де жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ және орыс тілдерін меңгеріп жатқан шетелдік тыңдармандармен, атап айтар болсақ, Корея, Жапония, ҚХР, Түркия, Франция, Әзірбайжан, Оңтүстік Африка, Сингапур, АҚШ т.б. елдердің азаматтарымен естелік суретке түсті.




Аталмыш мерекелік кешті өткен жылдан бастап университет кампусының әкімшілігі ұйымдастырып, өткізіп келе жатыр. Бұл ұлық мерекені концерттік бағдарлама ретінде жыл сайын атап өту дәстүрге айналады деген сенімдеміз. Мерекелік концертке университетте тәлім-тәрбие алып жатқан студенттер қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, ән мен күй, би, термеден шашу шашты. Наурыз мерекесін тамашалуға келген шетелдік тыңдаушылар кештің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын тілге тиек етіп, қазақтың киіз үйін, оның әрбір жабдықтарының құрылысын, қазақ халқының салт-дәстүрінің ерекшелігін, ұлттық киімінің әдемілігін, ас мәзірінің әртүрлілігін, тағамдарының дәмділігін айтып, таңданыстарын жасырмады. Шетелдік тыңдаушылар қазақ халқының әдет-ғұрпынан, дәстүрлі өнерінен, ұлттық тағамдарының түрлері туралы толықтай ақпарат алды деген ниеттеміз.




«Армысың, әз-Наурыз» мерекелік кешінде қара шаңырақ – ҚазҰУ-нің аумағында орналасқан студенттер-үйінің басшылары мен сонда жұмыс істейтін қызметкерлер дастарқан жайып, келген қонақтарға мерекенің ең басты тағамы болып саналатын наурыз көжеден және бауырсақтан, сонымен қоса басқа да ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татқызды.

Шетелдік тыңдаушылар ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арнап өз ұлттық тағамдарын пісіріп алып келіп, мерекеге келген қонақтарға ауыз тигізді. Атап айтар болсақ, афирка, корей, жапон, қытай, француз, моңғол ұлттық тағамдарынан мейрамға келген қонақтарға дәм тату бақыты бұйырды десек те болады. Шетелдік тыңдаушылардың Наурыз мерекесіне арнайы ұсынған ұлттық тағамдары ерекше дәмімен, құрамындағы қоспаның әртүрлілігімен, пішіндерінің әрқилылығымен ерекшеленді.

Бұл мерекелік шара, бір жағынан, жыл басы – жаңа жыл ретінде, екінші жағынан, ұлттық тағамдар мерекесі ретінде есте қалары сөзсіз.

Мерекелік концерттен кейін жыл басы – Наурыз мейрамын атап өтуге арналған шараға келген қонақтар, оқытушылар мен студенттер Наурыз мерекесіне арналып жайылған дастарқаннан дәм татты.



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Шетелдіктердің тілдік және жалпы

білім беру дайындығы кафедрасының доценті,

филол.ғ.к. М.П. Ешимов, аға оқытушы С.Р. Нұртілеуова,

филология магистрі Б.Д. Даутова


 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 10:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31