Жаңалықтар

Жылы дәретханаларды «музей» көріп отырғандар бар – министр мектептерді сынады

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағаметов жылы дәретханалардың жұмыс істеуін қадағалауды тапсырды.

 

«Ешкімді алдаудың қажеті жоқ. Жылы дәретхананы орнатқанымен, оны музей сияқты қастерлеп, жабық ұстайтын мектептер де бар. Тексерушілер келгенде ғана ашылатындықтан, басқа кезде оқушылар ауладағы дәретханаға барып жүрген жағдайлар әшкере болды. Мұндайға жол берілмеуі керек. Ауылды елдімекендерде сырттағы дәретхана деген болмауы керек немесе оған оқушылар кіре алмайтындай етіп бекітілуі шарт. Қаржы шығындап, жылы дәретхана салған екенбіз, олар үнемі жұмыс істеп тұруы тиіс», – деді Асхат Аймағамбетов Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында.

 

Ведомство басшысы бұдан былай жылы дәретханалардың санитарлық тораппен жабдықталуына баса көңіл бөлінетінін ескертті.

 

«Жылы дәретхананың өзі ғана болғаны жеткіліксіз. Мен комитетке тапсырма бердім, бұдан былай ол дәреханалардың сумен қаншалықты жабдықталғанын, ассенизатор машиналарының болуын, септиктердің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау керек. Бұл мәселелер шешілмесе, жылы дәретхана жұмыс істейді дегеніміз өтірік болады», – деді министр.

 

 

 

turkystan.kz

           




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.05.2021, 23:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31