Жаңалықтар

Жырлайды жүрек

  • Жырлайды жүрек

    Жырлайды жүрек

Өскелең ұрпаққа өткен тарихымызды, таланттыларымызды таныту әр оқытушының алға қойған басты міндеті болуы керек.


Сол мақсатта 2019 жылдың ақпан айының 11-жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінде "Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар" бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған "Жырлайды жүрек" атты ашық тәрбие сағаты өтті. Әдеби-танымдық мақсатта Аударма ісі және шетел филологиясы кафедрасының оқытушыларымен ұйымдастырылған сабаққа Қазақ филология және Орыс тілі мен әдебиеті мамандықтарының студенттері қатысты. Сабақ барысында студенттер өздерінің әдеби қабілеттері мен білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ақынның өмірі мен шығармашылығының маңызды тұстары слайд-презентация түрінде ағылшын тілінде қорғалды. Лирик ақынның махаббат тақырыбындағы өлеңдерін студенттер терең сезіммен оқыды. Сонымен қатар ашық тәрбие сағатында ақынның сөзіне жазылған "Есіңе мені алғайсың" , "Сенің көзің" сынды әндер шырқалып, "Аққулар ұйықтағанда" поэмасының желісінде сахналық қойылым қойылды. Студенттер бұл шығарманы ерекше ыждаһаттылықпен орындап шықты.

Сабақтың танымдық мақсатына келсек, студенттер ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақтар шешті. Ұлттық Университетіміздің студенттері Ұлт ақынының өшпес мұрасын терең танып, көрерменге жеткізе алды. Бұл есіл өмірін еліне арнаған Мұзбалақ ақын Мұқағалидың туған күніне арналған әрі келешек ғалымдар мен ұстаздардың алғашқы қадамы іспетті ерекше сабақ болды.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Нұрғалиева Үміт, Төреханова Рауана




 




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.02.2019, 15:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31