Жаңалықтар

Қар барысы — Қазақстан Республикасының ұлттық символы

  • Қар барысы — Қазақстан Республикасының ұлттық символы

    Қар барысы — Қазақстан Республикасының ұлттық символы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде әлемнің түрлі елдерінен шетелдік тыңдаушылар білім алады. Олар қазақ және орыс тілдерін үйреніп қана қоймай, өздері оқып жатқан елдің тарихымен, мәдениетімен танысады.

  

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары онлайн форматта «Қар барысы - Қазақстан Республикасының ұлттық символы» атты ашық тәрбиелік іс-шарасын өткізді. Шараға кафедра оқытушылары мен осы кафедрада білім алып жүрген әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Иран, Австралия елдерінің шетелдік студенттері қатысты.

 

 

Жиында сөз алған кафедраның аға оқытушысы Т. В. Курманова Қазанның 23-і күні халықаралық қар барысы күні аталып өтілетінін, Қар барысы - еліміздің ұлттық символдарының бірі екенін, Қазақ ежелден барыстың батылдығына тәнті болғанын, тіпті дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы да Барыс жылы екенін, Қар барысы жалпы Қазақстан үшін тұңғыш Президенттің "Қазақстан-2030" жарлығына сәйкес,  ресми символға да айналғанын, еліміздің ең үлкен қалаларының бірі - Алматы қаласының  өзінің таңбасында барыс бейнесі бейнеленгенін, сонымен бірге Қазақстандағы 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының символы ретінде де барыс алынғанын, 12 мемлекеттің Қызыл кітабына енгізілгені  туралы кеңінен мәлімет беріп, жалпы шолу жасады.

 

   

Шетелдік студенттер «Қар барысы» атты бейне таспаны және «Алматыны аралау», «Қар барысы - еліміздің ұлттық символдарының бірі» тақырыптарындағы слайд-альбомдарды тамашалай отырып, Қазақ халқының мәдениетімен, тарихымен таныса отырып, жаңа қырынан таныды.

 

         Студенттер Қар барысы - еліміздің ұлттық символдарының бірі ретіндегі танымдық мәнімен бірге ұлттық мәдениетті өркендетудегі рөлі зор болғаны туралы мәліметтермен танысты. Қар барысы жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер аталған іс-шараға белсенді қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.

   

«Қар барысы - Қазақстан Республикасының ұлттық символы» атты ашық тәрбиелік іс-шара шетелдік студенттердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар бұл маңызды іс-шара студенттерді Қазақстанның  тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады.

 

 

 

А.Е. Саденова., Т.В. Курманова., М.А. Азнабакиева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары




Көрілген: 242    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 09:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31