Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы бос қалған 128 грант қайда?

  • http://bilimdiler.kz

    http://bilimdiler.kz

Биыл мемлекеттік грантқа ие болғандар саны жылдағыдан көп. Жақсы үрдіс. Көп балалы отбасылардан шыққан талапкерлерге қосымша тағы 5000 грант бөлінді.


Қарағанды облысына осы бес мыңның 195 гранты берілді. Бірақ дәл қазір облыста осы грантқа тек 67 бала ғана өтініш жазды. Яғни бөлінген гранттың басым бөлігі игерілмейді. Неге дерсіз. Себебі Білім және ғылым министрлігі көп балалы отбасыларға бөлінген қосымша грантты педагогикалық, ауылшаруашылық және инженерлік, IT мамандықтарға берілсін деп бұйырған.


Сонда деймін, облыстық Білім басқармасы өңірдің ерекшеліктеріне, көп балалы отбасылардың санына, ҰБТ тапсырып шекті балл жинағандар таңдаған мамандыққа мониторинг жасап, өздігінен ұсыныс жасай алмай ма? Мектептер мен Білім басқармасы түлектердің қандай мамандыққа тапсырғанын біледі. Осының негізінде, біздің өңірде мынандай мамандықтарға басымдық берілді, осынша түлек мына мамандықты таңдады, грантты осыларға бөлулеріңізді сұраймыз деп неге ұсыныс жасамаған? Енді бос қалған 128 грант қайда беріледі? Республика бойынша көп балалы отбасылардың түлектеріне берілген 5000 гранттың қаншасы иесін тапты?


Жыл басында облыс әкімі Ерлан Жақанұлы көп балалы отбасылардың балалары үшін колледждерге 8000 грант беріледі деп хабарлаған. Кеше облыстық Білім басқармасына бардым. Колледждерге көп балалылар үшін бірде бір грант бөлінбеген. Жалпы конкурсқа түскенде де еш жеңілдік жоқ. Ал, ҰОС мен ауған соғысы ардагерлерінің балаларына грант беру кезінде жеңілдік қарастырылған.


Қарағандының бірде бір университеті көп балалы отбасылардың студенттеріне 10 пайыз да жеңілдік жасамайды. Бір үйден екі студент ақылы бөлімде оқыса тіпті ауыр. Тамыздың 25 күні оқу ақысының 30 пайызын төлемесе оқуға қабылдамайды. Ал игерілмеген грант қаншама? 


adyrna.kz/




Көрілген: 888    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.08.2019, 18:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30