Жаңалықтар

Қарағандыда мұғалім дәретханаға жібермеген оқушы астына жіберіп қойған

  • https://letidor.ru/

    https://letidor.ru/

Қарағандыда мұғалім екінші сынып оқушысын дәретханаға жібермегені үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы қалалық білім бөлімінен хабарлады. Оқиға салдарынан бала сабақ үстінде бұтына "жіберіп қойған" деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Қарағанды ​​қаласының білім бөлімі №1 гимназияда жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесін жариялады.

 

Басқарманың мәліметінше, іс жүргізу барысында мұғалімнің кінәсі мен оның функционалдық міндеттерін бұзғаны анықталды.

 

Оқиғадан кейін мұғалім мектеп директорына ұятты жағдай туралы хабар бермегені және баланың анасынан кешірім сұрамағаны атап өтілген.

 

"Гимназияда қызметтік тергеу мен Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы жүргізілді. Мұғалімнің әрекеті функционалдық міндеттерін бұзғаны, сонымен қатар оқиға туралы мектеп директорына уақытында хабар бермегені анықталды. Жұмысшы қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды және 8 қазаннан жұмыстан шығарылды. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін педагогикалық этика мен функционалдық міндеттерді сақтау мәселесі директорлар кеңесінде және Қарағанды ​​педагогикалық ұжымдарында қаралды", – делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.

 

 

 




Көрілген: 616    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 22:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31