Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарағандыда оқушылар дүйсенбі сабаққа бармауы мүмкін

08 ақпан 2021, 09:57

Көктайғақ пен қатты желге байланысты оқушыларды мектепке жіберіп-жібермеуді ата-аналар өздері шешеді. Қарағанды қаласының білім бөлімі дүйсенбі, 8 ақпанда оқушылар қалай оқитынын түсіндірді.
Білім министрі оқушылар үшін қандай өзгеріс болатынын айтты
"Сегізінші ақпанда мектептерде сабақ тоқтатылмайды. Бірақ ата-аналар қолайсыз ауа райына байланысты мектептің алыстығын ескеріп, баланы мектепке жіберіп-жібермеуді өздері шешеді. Өз шешімі туралы сынып жетекшісіне ескертуі қажет", - делінген білім бөлімінің хабарламасында. 

Бүгін Қарағандыда күні бойы қар аралас жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін күшейеді. Таңертең және күндіз жолдарда &ndash көктайғақ.

Облыста тас жолдар жабылды.