Жаңалықтар

Карантинге байланысты әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі өзгерді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қорғаныс министрлігі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты әскери оқу орындарына талапкерлерді қашықтан қабылдау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Әскери институтқа түсу үшін 27 шілде мен 11 тамызда, Кадет корпусына қабылдану үшін 1 және 20 тамыз аралығында қабылдау комиссиялары талапкерлердің ҰБТ тапсыру, психологиялық тестілеу нәтижелері және жергілікті әскери басқару органдарының медициналық комиссияларының қорытындылары, сондай-ақ білім туралы құжатта көрсетілген дене шынықтыру даярлығы бойынша жасалған жиынтық рейтинг кестесі негізінде кандидаттарды қабылдайды.

 

Сонымен қатар, «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылдау математика, оқыту тілі және дене шынықтыру бойынша негізгі орта білімді бітіргені туралы куәлікте көрсетілген бағалар, ата-аналар берген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама негізінде 2020 жылдың 3-7 тамыз аралығында түсушілердің қатысуынсыз өтеді.

 

Жергілікті әскери басқару органдарында әскерге шақыру комиссияларымен талапкерлерді медициналық куәландыру, кәсіби-психологиялық тестілеу, оқу орындарына құжаттарды жинау және ұсыну ұйымдастырылды. Іріктеу аяқталғаны, қабылдау комиссиясының шешімдері және іріктелген кандидаттардың келу мерзімдері туралы ақпаратты көрсетілген сайттарда танысуға болады:

 

- Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты – viires.kz - Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты

– visvo.mil.kz

 

- Құрлық әскерлерінің Әскери институты: 8 (727) 290-16-09, 8 (727) 290-16-41

 

- Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының байланыс нөмірі: 8 (71636) 4-15-20, 8-776-171-09-79, 8-700-983-25-99, 8-747-354-14-13.

 

- «Жас ұлан» РМ Нұр-Сұлтан – zhasulan.mil.kz - «Жас Ұлан» РМ Алматы – 8 (7273) 09-73-53, 8-778-421-75-12.

 

- «Жас Ұлан» РМ Шымкент – miled.kz

 

- «Жас ұлан» РМ Қарағанды – zhasulan-krg.kz

 

Іріктеуден сәтті өткен талапкерлер оқу орнына келер алдында CОVID-19-ға тест тапсырып, нәтижесін көрсетуі қажет. Карантин шараларына сәйкес олар екі апта оқшауланады.

 

COVID-19-ға тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен талапкерлер толық сауыққаннан кейін қайта тапсырылған медициналық тест нәтижесімен оқу орнына келе алады.

 




Көрілген: 620    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 13:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30