Жаңалықтар

Қашықтан оқу: Мұғалім оқушыға үй тапсырмасын беруі керек пе

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқу кезінде ұстаздардың оқушыларға үй тапсырмасын беруіне қатысты ұстанымын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Шынымен бұл мәселеге қатысты көп сауал бар. Бала дәстүрлі форматта оқыған кезде оның мектеп білім алатындығы, сыныпта сабақ барысында белгілі бір тапсырма берілетіндігі түсінікті. Ол оны орындайды, педагогтың сауалдарына жауап береді. Жұмыс осылай жүргізіледі. Содан кейін қайталау үшін үй тапсырмасы қосымша беріліп отыратын»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

 

Оның түсіндіруінше, қашықтан оқыту кезінде бала үйінде отырып білім алады.

 

«Бала үйде отырып істеген оқу тапсырмасын жеке беріп, оның үстіне қайтадан екі есе көлемде үй тапсырмасын беру мақсатқа сай болмайды. Сондықтан балаларға жүктемені көбейтпеуді жөн көрдік. Өзге елдерде осындай үлгі де, зерттеулер де бар. Солардың негізінде әдістемелік ұсыным жасадық. Біз оқу және үй тапсырмасы деп бөлу жоқ екендігін айтып отырмыз. Тек оқу тапсырмасы ғана бар. Олар үйде отырып оқыған дүниені үйге тапсырма ретінде береді. Тапсырма көлемі біз ұсынған шектен аспауы тиіс», - деді Асхат Аймағамбетов.

 




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 15:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31