Жаңалықтар

Қашықтан оқыту. Білім беру жүйесі өзгереді, басқа жол жоқ - министр

  • Қашықтан оқыту. Білім беру жүйесі өзгереді, басқа жол жоқ - министр

    Қашықтан оқыту. Білім беру жүйесі өзгереді, басқа жол жоқ - министр

Қазақстанның танымал IT сарапшылары мен отандық білім беру жүйесі өкілдерінің қатысуымен онлайн-конференция өтті.

Біз карантиннен кейін бірнеше пәнді тек цифрлық форматта қалдыруымыз керек. Бұл - менің ұсынысым. Бүгінгі күні ҚР БҒМ-нің цифрлық білім беруге көшкенін көріп отырмыз, – деді конференция барысында ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Бағдат Мусин.

Спикердің пікірінше, қазіргі заманда мұғалім контентті, қажетті материалдарды оқушылар цифрлық форматта қабылдай алатындай етіп дайындауы тиіс. Сонымен қатар, Бағдат Мусин Білім және ғылым министрлігіне трансформациялаудың қамын ойлайтын, жалпы білім беру саласына цифрлық әлемнің қалай әсер ететініне талдау жүргізіп отыратын digital-офис қажет деді.

Айта кетерлігі, отандық білім беру жүйесі үлкен өзгерістер алдында тұр. Қазақстанға, әлемнің 167 елі сияқты, COVID-19-дың таратылуына байланысты қысқа мерзім ішінде қашықтан оқыту форматына көшуге тура келді. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл процесті тек қана сынақ емес, үлкен мүмкіндік деп атады.

Білім беру жүйесі өзгереді, басқа жол жоқ. Мазмұнына да өзгерістер енгізу қажет. Нақты регламенттер мен стандарттардан гөрі неғұрлым икемді әрі жекеленген стандарттарға көшу керек. Қандай да бір тапсырманы орындағанда, біріншіден, халықаралық тәжірибеге сүйену қажет. Өзге елдердің қандай проблемаларға тап болғанын және оларды қалай жеңіп шыққанын зерттеу керек. Қашықтан оқыту аясында геймификация элементтері, квиздер, цифрлық білім беру ресурстары болуы тиіс. Барынша жекеленген болуы керек. Шын мәнінде, біздің ұмтылысымы – осы, – деді Асхат Аймағамбетов ведомствоның Facebook парақшасында жүргізілген онлайн-конференцияда.

Сондай-ақ, БҒМ басшысы бір ай бұрын, яғни, 19 наурыз күні Facebook-тегі өз парақшасында пост жазғанын, онда қашықтан оқыту форматын білім берудің онлайн нұсқасымен шатастырмау керектігін атап өткенін еске салды. Біріншісінің аясында әртүрлі тәсілдер мен тетіктерді пайдалануға болады. Еліміздің географиялық ерекшеліктерін, интернет желісінің мүмкіндіктерін, теледидар сигналдарын және дайындық деңгейін ескере отырып, министрлік қашықтан оқытуды енгізудің негізгі бағыттарын таңдады.

Біз аталған ерекшеліктерді қабылдай отырып, теледидарды пайдалануды шештік, телесабақтарды түсіруді бастадық. Қазір біз басқа елдердің интернет жүйесі "стримингтерге" шыдамай, видеосабақтар түсіре бастағанын байқап отырмыз. Сондықтан біз теледидар, интернет ресурстары – онлайн және оффлайн платформаларын, сондай-ақ пошта қызметтерін пайдалануды шештік. Кейбіреулер бізді сынға алып, пошта қызметтерін пайдалану туралы шешім дұрыс емес деп жатыр. Бірақ, кері байланыс үшін біз электрондық поштаны да, "Қазпошта" қызметін де пайдалануға мәжбүрміз, - деп атап өтті министр.

Онлайн-пікірталастың тағы бір қатысушысы – Қазақстан Интернет-қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров балалардың цифрлық сауаттылық деңгейі ересектерден әлдеқайда жақсы екенін атап өтті.

Балалар, тіпті олар IT-саласын немесе онлайн оқытуды білмесе де, оны ауадан алады. Балаға шынымен екі-ақ күн жетеді, ол бәрін үйреніп алып, администратор боп отырады, - деді Шавкат Сабиров.

Онлайн-конференция барысында белгілі болғандай, қысқа мерзім ішінде жергілікті атқарушы органдар мектептердің балансында болған 250 мың компьютерді уақытша пайдалануға беріп үлгерген.

Алғашқы қадамдр дұрыс жасалды. Бұл – күш-жігер қысқа мерзімдік жұмысты ғана емес, алдағы уақытты да қамтығанын түсінгендейміз. Министрлік қашықтан оқытуда әртүрлі жолдарды пайдалана отырып, дұрыс стратегия қабылдады. Әлемде ешкім бұл жағдайға дайын болған жоқ. Мұндай мәселенің тек Қазақстанда ғана емес, Еуропа, АҚШ, Ресей сияқты дамыған елдер мен т. б. Мемлекеттерд де туындағанын өмірдің өзі дәлелдеп отыр, – деді белгілі саясаттанушы, BTS Digital білім беру бағдарламаларының жетекшісі Саясат Нұрбек.

Спикерлер қатарында Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ төрағасының орынбасары Павел Коктышев, IT білім беру саласындағы сарапшы Қанат Қожахмет және Chocofamily Holding-тің негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов болды.

Онлайн-конференцияның толық нұсқасын ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасынан қарауға болады.

BAQ.KZ.

 




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

жұма, 17.04.2020, 08:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31