Жаңалықтар

Қашықтан оқытуды 2021-2022 оқу жылына созады деген сөз шықты

  • Қашықтан оқытуды 2021-2022 оқу жылына созады деген сөз шықты

    Қашықтан оқытуды 2021-2022 оқу жылына созады деген сөз шықты

Желіде Қазақстанда қашықтан оқытуды 2021-22 оқу жылына ұзартылады деген қауесет тарауда. Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Хабарлама авторының айтуынша, қашықтықтан оқытуды ұзарту туралы «жаңалықты» мектепте жұмыс істейтін таныс мұғалімдері хабарлаған. Оның сөзіне қарағанда, оқушылар 2021 жылдың қараша айында ғана мектепке орала алады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Биыл бірінші тоқсан 5 қарашада аяқталады. Санитарлық дәрігерлердің талаптары бойынша карантиндік шектеулер жағдайында оқушылар негізінен қашықтан білім алуда», &ndash деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінен.
Ата-аналардың өтінішін ескере отырып, мектептерде мектепалды және 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Бір сыныпта &ndash 15 оқушыдан артық болмауы керек.

«Екінші тоқсанға келсек: біз Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтеміз. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулы қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігінен ақпарат алған кезде барлық ата-аналар мен оқушыларды дереу хабардар етіледі», &ndash делінген БҒМ баспасөз қызметінің ақпарвтында.
Хабарламада атап өтілгендей, карантиндік шектеулер жағдайында барлық нысандардың жұмыс форматы туралы шешімді Бас санитарлық дәрігер қабылдайды. Мектептердің, кинотеатрлардың, сауда, спорт орталықтарының жұмыс жағдайлары санитарлық дәрігерлердің шешімі мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

Ведомство тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды және жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин оқушылардың мектепке оралуына қатысты сауалға қалай жауап бергенін жазған болатынбыз.

 aikyn.kz




Көрілген: 1770    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.10.2020, 19:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30