Жаңалықтар

Қайыржан Токушев: Әрбір жоғары оқу орнында «Академиялық адалдық» кодексі қабылдануы керек

  • Қайыржан Токушев: Әрбір жоғары оқу орнында «Академиялық адалдық» кодексі қабылдануы керек

    Қайыржан Токушев: Әрбір жоғары оқу орнында «Академиялық адалдық» кодексі қабылдануы керек

Бүгін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық мемлекеттік университетінде «Саналы ұрпақ &ndash жарқын болашақ» атты онлайн кездесу өтті. Шара барысында бірқатар студенттер «Sanaly urpag» жобалық клубына мүшелікке қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн режимде өткен ШҚТУ бірінші проректоры Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина ашты. Ал кездесуге қатысушылар тарапынан жастарға жемқорлықтан ада болу қажеттігі жайлы кеңінен сөз қозғалды. «Елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. «Sanaly urpag» жобасы да осындай мақсатта қолға алынған.

Бүгінде халқымыздың тең жартысының білім саласына тікелей қатысы бар. Сол үшін балабақшаларда, мектептерде, колледждер мен университеттерде парақорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Осы орайда біз бірнеше әдістемелік құралдар дайындадық. Әрбір жоғарғы оқу орнында «Академиялық адалдық» кодексі қабылдануы керек. Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары бекітіліп, сол бойынша әрекет еткен жөн», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық «Sanaly urpag» жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушев. Сондай-ақ кездесуде Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ технология және бизнес университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Сәбира Сапина «Академиялық адалдық» атты дәріс оқыды. «Өкінішке қарай, студенттердің көпшілігі қандай да бір тақырыпты қамтығанда зерттеуге емес, іздеуге бейім. Яғни, жаңа тұжырымдамалар ашқаннан гөрі дайын дүниені қайталай салған әлдеқайда оңай. Бұл дұрыс емес. Жастар плагиатқа жоламай, жаңалық ашқанға ұмтылуы қажет», - деді ол. Кездесу соңында Д.Серікбаев атындағы ШҚМУ студенттері «Sanaly urpag» жобалық клубына мүшелікке қабылдау рәсімі өткізілді. Мүшелікке өткен жастар сыбайлас жемқорлықтан бойларын аулақ ұстап, Отанның париоты болуға, елге адал қызмет етіп, әділетті болуға ант берді.

ҚазАқпарат




Көрілген: 478    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.11.2020, 19:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31