Жаңалықтар

Қазақ-Америка университетінде «Queen of University-2019» арулар байқауы өтті

  • alashainasy.kz

    alashainasy.kz

Қазақ-Америка университетінің cтуденті «Queen of University-2019» байқауының жеңімпазы атанды

Кеше Алматыда «Мирас» салтанат сарайында Қазақ-Америка университетінің студент арулары арасында «Queen of University-2019» сұлулық байқауы өтті. Биылғы жарияланған Жастар жылы аясында Қазақ-Америка университеті студент жастардың осындай игі бастамаларын қолдай отырып, барынша көңіл аударып отыр.

«Queen of University-2019» байқауына қатысқан ҚАУ-нің сәнқой арулары «Ерке-Нұр» сән үйінің ұлттық нақыштағы киім үлгілерінің көрсетілімін көпшілік айрықша қызығып тамашалады. Ең сұлу ханшайым киетін тәжіге 12 үміткер қыздар таласты. Олар бірнеше ай бойы жарысқа дайындалып, өздерінің табиғи таланттарын көрсетуге тырысты. Олар – қазақ қыздарының қас сұлулары әлемдегі нәзіктік пен сұлулық үйлесімінің көрінісі іспетті. Әрине, бұл таңғажайып ертегідегідей сәттер ҚАУ студент өнерпаздарының өмірдегі естен кетпес ең жарқын сәттерінің бірі болып қалары анық.

Байқау ережесіне сай арулар сахнада шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті, сондай-ақ, коллекциялық киім мен кешкі көйлек үлгісін таныстырды. Қазылар алқасының құрамында дизайнерлер мен модельдер болды. Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың талантын Юнеско-ның ҚР-дағы геосаясаттар жөніндегі ұлттық комитетінің төрағасы Диляра Вудворд, ҚР Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің кеңесшісі Руслан Бультриков, "Ерке-Нұр" сән үйінің жетекшісі Фарида Мерхамитқызы және мәдениет, өнер қайраткерлері жоғары деңгейде бағалады.

Айта кету керек, америкалық және қазақстандық білім беру бағдарламаларының синтезі негізінде осындай жоғары оқу орнының рухани-мәдени маңызды байқауының негізін қалаушы ҚАУ-нің президенті Амирлан Құсайыновтың өзі болды. Мәселен, 1997 жылдан бастап ҚАУ еліміздің білім беру алаңында өзінің табыстылығымен іргелі білім ордасының қатарында келеді.

«Биыл қазақы дәстүрлерді кеңінен насихаттап жүрген байқауға 21 жыл толып отыр! Біздің әріптес ұйымдарымыздың арқасында байқау әрдайым жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Мұндай бірегей жобаның мақсаты – жас ұрпақты қоғамдық және мәдени өмірге тарту, эстетикалық талғамды қалыптастыру және жоғары адамгершілік идеалдарын тәрбиелеу, жастардың ұлттық дәстүр мен ел тарихын, әдебиетін жетік білуге тәрбиелеу», – деп атап өтті Халықаралық білім беру корпорациясының Сыртқы байланыстар және студенттік мәеселелер бойынша проректоры Жанерке Иманбаева.

Араулар арасынан өн бойы озық шыққан "Радиотехника, электроника және телекоммуникация" мамандығының 2 курс студенті Айдана Нұрбаева сұлулық байқауы тәжісінің иегері атанды. Өнерлі ару құстардың бекзаты –аққудың сұлулығын бейнелейтін "Аққу" биін асқан шеберлік орындап көрерменді тәнті етті."Бұл байқаудан көп нәрсені түйдім. Бізге ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік бергені үшін алғысым шексіз. Бұл жоба менің өз армандарымды жүзеге асыруға үлкен әсері болатыны сөзсіз", – деді Айдана.

Салтанатты кештің соңында Қазақ-Америка университетінің вице-президенті Ерік Бесимбаев байқаудың жеңімпазы Айдана Нұрбаеваға 180 000 теңгенің қаржылай сертификатын табыс етті
.






alashainasy.kz

 




Көрілген: 785    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 17:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30