Жаңалықтар

Қазақ сыныбы жабылады: Ақтөбелік ата-аналар наразы

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде қаланың қақ ортасында тұрған №27 орта мектеп-лицейінен шу шықты. Аралас мектептегі 10 "ә" қазақ сыныбында 11 оқушы қалған. Ата-аналардың айтуынша, мектеп басшылығы балаларды басқа мектепке алып кетуін сұрап жатыр. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.


Оқу жылы басталғанда балаларына сабақ жүрмей жатқанын айтқан ата-аналар көмек сұрады.


"Балаларымыз бастауыштан бастап осы мектептің қазақ класында оқиды. Әңгіме өткен жылдың соңынан басталды.

Қазақ сыныбы жабылады дегеннен кейін оқушылардың көбі колледжге кетті. Мектепте қалған 11 балаға сабақ бастамай отыр. Балам бүгін де мектепке босқа барып қайтты.


Мектеп директорының орынбасары оларға "Сендер ақысы төленбейтін классыңдар, отырыңдар осылай" деп айтып кеткен.

Бұл не масқара! Біз Ресейден қазақ мектебін аш деп жатқанымыз жоқ.


Еліміздегі мектепте қазақ сыныбын қалдыруды сұрап жүрміз. Біз неге басқа мектепке көшуіміз керек?", - дейді ата-аналардың бірі Айжан Мұхамедиярова.


Бұл жағдайға мектеп басшылығы білім бөлімінсіз ештеңе жасай алмайтындығын ашып айтты.


"Біз үш баламен де класс ашуға дайынбыз. Бұл сұрақты шешу біздің құзырымызда емес. Қалалық білім бөлімі шешеді. Қазір сабақ болып жатыр, тоқтатылған жоқ", - дейді №27 мектеп директорының міндетін атқарушы Алтынгүл Галиева.


Ал білім бөлімі 11 оқушының мәселесін жақын күндері шешуге уәде берді.


"Мектеп-лицейдегі 10 "ә" қазақ сыныбының мәселесі шешіледі. 9 сыныпты бітірген 25 баланың жартысы колледжге түсіп кетті. Төрт оқушы басқа мектепке ауысқан. Ереже бойынша, қалалық жерде бір сыныпта 25 баладан кем болмау керек. Қалған 11 баламен сыныпты ұстап тұру экономикалық жағынан қиын. Бірақ оқу процесі тоқтаған жоқ, сабақ жүріп жатыр. Бұл мәселе жақын күндері толығымен шешіледі", - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 930    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.09.2019, 09:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30