Жаңалықтар

Қазақ тілі - әлем тынысында

  • https://bilimdinews.kz/

    https://bilimdinews.kz/

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Қазақ тілі - әлем тынысында» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар Zoom пплатформасында онлайн өтті.

 

         Онлайн семинарға ҚазҰУ мен Қытай Халық Республикасының, Түркия, Жапония, Ресей, Қырғызстан университеттерінің басшылары, ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар, тіл мамандары қатысты.

 

Бұл семинар қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың өзекті мәселелері бойынша пікірталас алаңына айналды, негізгі мақсаты: қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру, халықаралық деңгейдегі тілді үйретудің жаңа әдістемесімен танысу, өзара озық тәжірибелермен алмасу, тілді оқыту оқулықтарын, заманауи тәсілдерді талқылау болды.

 

Аталған мазмұнды шарада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Е.А. Апсеметова, ҚазҰУ-нің әдістемелік жұмыс қызметінің басшысы Г.Е. Амирбекова және тағы да басқа қонақтар онлайн байланысқа шығып, жүрекжарды тілектерін жолдады. Семинарда қазақстандық және шетелдік жетекші ғалым-әдіскерлер мен білікті оқытушылардың қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда өз тәжірибелерінде қолданатын инновациялық технологиялары мен әдістері қатысушылар назарына ұсынылып, тиімділігі екшелді. Халықаралық тәжірибедегі қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің алуан тәсілдері көрсетілді.

  

Халықаралық семинар жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Алматы қаласындағы Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының басшысы Б.Ә. Қалымбет, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры Т.С. Маразыков, Қырғыз-Түрік «Манас» университетінің доценті, ф.ғ.к. А.А. Касиева, Жапонияның Цукуба университетінен Такеши Ниномия, Түркияның Измир қаласындағы Еге университетінен PhD докторы Шенгүл Айгүмүш, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бағытында бірнеше оқу құралы жарық көрген автор, ф.ғ.к., доцент Г.А. Мұсаевалар өз баяндамаларымен қатысып, ж.т.б. әдіскер-ғалымдар, білікті мамандар,  оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

         Бұл шараның  ерекшелігі – барлық спикерлер өз жұмысының нәтижелерін қазақ тілінде баяндап ұсынды. Семинар қатысушылары өздерінің ғылыми-әдістемелік баяндамаларымен таныстырып, бір-бірімен пікір алмасып, түйткілді сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктері болды. Барлық қатысушылар аталған шараның өзектілі екендігін атай отырып, кафедра ұжымының ғылыми-әдістемелік жұмысының жоғары деңгейін атап өтті.  Бұл халықаралық семинар өз мақсатына жетті, барлық қатысушылар үшін пайдалы болды.

 

 

 

 

  А.Е. Саденова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті,

Шетелдіктердің тілдік және

жалпы білім беру дайындығы

кафедрасы




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.11.2021, 19:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31