Жаңалықтар

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қайырымдылық балын өткізді

  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қайырымдылық балын өткізді

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қайырымдылық балын өткізді

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 75 жыл толуына орай  оқу орны мен Nur Otan партиясының ұйымдастыруымен «Үкілі үміт» I Қайырымдылық балы өтті. 


Осы жылдары іргетасын нықтаған, өзінің дара дәстүрін қалыптастырған оқу орны еліміздің ұстаздар даярлайтын бірден-бір орталығына айналды. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезінде – 1944 жылы ашылған бұл бірегей білім ұясының елімізде педагог кадрлар дайындаудағы алатын орны өлшеусіз үлкен. Өйткені, оны осы мерзім ішінде кең-байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінен, әсіресе ауылдық жерлерден білімге шөліркеп келген мыңдаған қазақ қыздары бітіріп шықты.


Ең бастысы – Қыздар университеті құрылған күнінен бастап-ақ отандық білім беру мен ғылымның жарқын үлгісі, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау көзі болды.


Бүгінде университет әлемнің 70-ке жуық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық байланыс орнатқан. Оның ішінде Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университеті, АҚШ-тың Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті, Ұлыбританияның Western international сollege оқу орнымен және Польшаның Катовицахтағы Силез университетімен қосдипломды білім беру бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді.


Биік белеске бет алған білім ордасына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығымен «Ұлттық» мәртебесі берілді. Бұл – еліміздің өрісін кеңейтуге сүбелі үлес қосып келе жатқан ұстаздар қауымына деген құрметтің айқын үлгісі деп топшылауға болады.


Университет 75 жылға жуық уақыт аралығында өзінің қалыптасуы мен дамуы жолынан өтті. Ұлт зиялылары қызмет атқарған ұлағат ұясында осы уақыт аралығында 60 мыңнан астам білікті маман даярланды.


Қыздар университеті – тек педагог даярлап қана қоймайды, ол ұрпақ тәрбиешісі ретінде саналатын болашақ мамандардың бойына халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан тағылымды тәрбиесін, ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрін сіңіреді. Бұл – арулардың парасат мектебіне айналған білім ордасының өзіндік ерекшелігі.


Осынау ізгі дәстүрді сақтап келе жатқан университет өз мерейтойы қарсаңында алматылық жастар арасында тұңғыш рет «Үкілі үміт» қайырымдылық балын өткізбек. Жастар жылына арналған веналық үлгідегі балға саясат пен бизнес өкілдері, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері және мәдениет саласы мен масс-медиа мамандары қатысады деп күтілуде.


Сонымен қатар оған қайырымдылық пен меценаттықты өмірінің басты қағидасы ретінде санайтын азаматтар да шақырылып отыр.


Алматы қаласының қоғамдық және мәдени өміріндегі айтулы шараның басты мақсаты – жастарды бекзат өнерге тарту арқылы оларды жоғары мәдениеттілікке, инабаттылық пен қайырымдылыққа баулу, қоғамда «Алматы – ізгі істер қаласы» түсінігін қалыптастыру және оны нақты іске асыру.


Оңтүстік астананың еліміздің мәдени орталығы ретіндегі имиджін одан әрмен көтеруді көздейтін шара шығармашылық әлеуеті жоғары талантты жастарды анықтауға үлес қоспақ.


Анықтама: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 1944 жылғы 15 тамызда ҚазКСР Халық Комиссарлар кеңесінің №457 қаулысы негізінде ашылды. Білім ордасының ашылуын Қаныш Сәтпаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров және Мұхтар Әуезов сынды халқымыздың зиялы қауымы қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берді. Оқу жылының бірінші жартысында 9 кафедрадан тұратын 3 факультетте 20 ұстаз, оның ішінде 5 ғылым кандидаты, 8 аға оқытушы, 7 оқытушы дәріс берді.


Оқу орнында бүгінде алты мыңнан астам білімгер сапалы білім, саналы тәрбие алуда. Биыл олардың қатарын мыңнан астам студент, 115 магистрант пен 10 докторант толықтырды. Университет түлектерінің жұмысқа орналастыру көрсеткіші 2019 жылы 93,8%-ды құрайды. Университет құрылымында 6 факультет және 28 кафедра жұмыс жасайды. Университет инфрақұрылымына 6 оқу ғимараты, студенттер мен қызметкерлер тұратын 7 жатақхана кіреді. Студенттер үшін қызмет көрсету орталығы мен медицина орталығы, «Аққу» жүзу бассейні, Ғылыми кітапхана мен «Ұлпан» асханасы қызмет етеді.


Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі 




Көрілген: 600    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.11.2019, 20:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31