Жаңалықтар

Қазақстан 2021-2022 оқу жылында 12 жылдық білім жүйесіне толық көшеді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстан 2021-2022 оқу жылында 12 жылдық білім жүйесіне толық көшеді. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген бұрынғы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


«Республикада 2016 жылдан бастап 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 сыныптарда «Назарбаев» зияткерлік мектептері тәжірибесіне сәйкес әзірленген орта білім берудің жаңартылған мазмұны енгізілді. 2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына 4, 9 және 10 сыныптар, ал 2020-2021 оқу жылында 11 сынып көшетін болады. 2021 жылы білім берудің жаңартылған мазмұны толықтай енгізілгеннен кейін 12-жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу жоспарланған», - деп атап өтеді ол.


Оның атап өтуінше, 12-жылдық білім беруге көшу құрылымы бастауыш мектептерде оқу мерзімінің 1 жылға (1-5 сыныптар) ұлғаюы, негізгі орта және жалпы орта білім беру мерзімдерінің сақталуы есебінен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта 12 жылдық білім беруге көшудің аталған құрылымы Қазақстандағы білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасына енгізілген.


«12-жылдық білім беруді енгізу 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр. Қазақстандағы білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бекітілгеннен кейін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен оқу жоспарларына тиісті өзгертулер енгізіледі», - деді К.Шәмшидинова.


 




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.06.2019, 16:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30