Жаңалықтар

Қазақстан 2023 жылдан бастап жаңа әліпбиге көше бастайды

  • Қазақстан 2023 жылдан бастап жаңа әліпбиге көше бастайды

    Қазақстан 2023 жылдан бастап жаңа әліпбиге көше бастайды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

ҚР Тұңғыш Президенті &ndash Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің жобалары мен пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі қаралды.

2021 жылы Қазақстан кубогының жүлде қоры 250 млн теңге
Латын графикасындағы жаңа жетілдірілген қазақ әліпбиі жарияланды
Халықты жаппай вакциналау: Асқар Мамин пікір білдірді
 
Жетілдірілген әліпбиде әріп саны &ndash 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған.  Бұл әліпбиде қазақ тілінің  28 дыбысы толық қамтылған.

Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут (  ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис (  ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған.

Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс &ndash бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.

«Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді. Алдағы уақытта қазақ тілін латын графикалы әліпбиге кезең-кезеңімен көшіру бағытында қарқынды жұмыс жүргізу керек», &ndash деді А. Мамин.

primeminister.kz 




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.01.2021, 22:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30