Жаңалықтар

Қазақстан ғалымдары құс саңғырығын табыс көзіне айналдырды

  • Қазақстан ғалымдары құс саңғырығын табыс көзіне айналдырды

    Қазақстан ғалымдары құс саңғырығын табыс көзіне айналдырды

 Қазіргі уақытта 10 мың тонна құс саңғырығы өңделіп, 4 мың тонна дайын өнім алынды. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ профессоры Айнаш Науанова құс саңғырығын органикалық тыңайтқыш ретінде өңдеуді жеделдету үшін алғашқы отандық биопрепаратты ойлап тапты. Биология ғылымдарының докторы зерттеулерін жуырда семинарда ұсынды. Мамандар, құс фабрикаларының өкілдері мен фермерлер соңғы ғылыми зерттеулерді талқылады. Шараны ұйымдастырушылар – Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы және “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы.⠀


Құс шаруашылығы қалдығын кәдеге жарату Қазақстан үшін өзекті мәселе болып отыр. Отандық құс фабрикаларында жиналатын саңғырық мөлшері негізгі өнімнің салмағынан асып кетеді. Бір келі құс етіне шаққанда орташа есеппен 3,4 келі саңғырық болады. Оны қауіптіліктің В класына (+) жатқызады, құрамында инфекциялық аурулар қоздырғыштары, гельминт дернәсілдері бар. Ал қалдықтардағы несеп қышқылы түріндегі азот жылдам ыдырап, аммиак түзіп, топырақты бұзады.


Қалдықтарды алқапта жайдан жай жинауға ешкім рұқсат етпейді. Фабрикаларда арнайы саңғырық қоймалары бар. Бұл полигондарды салу әуелден үлкен шығынға ұшыратты. Қоршаған ортаны ластағаны үшін эмиссиялар төленеді. Тұрақты бақылау жүргізу, топырақтың құнарлығын қалпына келтіру қажет. Саңғырық қоймаларда кеуіп қалады және текке жатады. Қазақстанда рұқсат етілген өңірлерде барлығы дерлік осылай жұмыс істейді. Бірақ курорт аймақтарындағы құс фабрикалары үшін шектеу бар. Олар қандай да бір өңдеуді қолдануға мәжбүр, – дейді “Курочка Ряба” брендімен танымал “Шаңырақ” басқарушы компаниясының бас директорының орынбасары Денис Плужник.


Биыл профессор Айнаш Науанова жасап шығарған биопрепарат құс фабрикасының алқаптарында сыналды.


Қазіргі уақытта бірен-саран фабрикалар ғана топырақты байыту үшін құс саңғырығын пайдаланады. Биопрепарат топырақтың құрылымын жақсартады, жаңғыртады. Химиялық тыңайтқыштар биотаны бұзады және оның биологиялық белсенділігі төмендейді. Біз биыл бірнеше экспериментті бастадық. Бидай мен бұршақтың егістігіне көктемде енгіздік. Тыңайтқыш енгізілген жерлерде өнімділік 2 есе ұлғайды. Бидай дәндерінің сапасы жақсарды. Бұл – алдын ала көрсеткіштер, біздің экспериментіміз үш жылға жоспарланған. Енді полигонда 10 жыл бойы жиналған құс саңғырығынан құтылмақпыз, – деді Денис Плужник.


Биопрепарат екі жыл бойы жасалды. Профессор Айнаш Науанова ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Дүниежүзілік банк қаржыландыратын грантын ұтып алды. Жобаның тең инвесторлары “Курочка Ряба” құс фабрикасының тең құрылтайшылары Александр Лоренц пен Максим Божко болды. Қазіргі уақытта 10 мың тонна құс саңғырығы өңделіп, 4 мың тонна дайын өнім алынды.


Биозертхананы толық жабдықтадық, қажет құралдарды сатып алдық. Біздің препараттарымыздың құрамына ең пайдалы микроағзалар кіреді. Олар құс саңғырығын қордалау үдерістерін жеделдетіп қана қоймай, өсімдік қалдықтарын одан әрі ыдыратып, құнарын арттырады. Олар фитопатоген микроағзаларға қарсы жұмыс істейді. Демек, өсімдіктердің аурулары азайып, өнім ұлғаяды, – деді Айнаш Науанова.


Оны сұйық немесе құрғақ түрде, биотыңайтқыш ретінде сатып алуға болады. Айқын экологиялық пайдасымен қатар биопрепарат экономика тұрғысынан да тиімді. Ол Ресейдегі баламаларынан 2 есе арзан және жергілікті жерлерге сай келеді.


Ресейлік биопрепараттарды жасаған кезде бөгде микроағазалар пайдаланылды. Олар жерге бейімделуі мүмкін, себебі бұл микроағзалардың қайдан бөлініп шыққаны маңызды. Мысалы, олар Солтүстік Қазақстанның ауа райы климаттық жағдайына бейімделуге тиіс. Ресейдің ауа райы жағдайында сапрофит болған микроағзалар жерімізде патогенге айналуы ықтимал, – дейді ғалым.


Қазақстанда бұрын-соңды мұндай биопрепарат болған жоқ. Ноу-хау қалдықтарды қауіпсіз әрі пайдалы өнімдерді өңдеуге мүмкіндік береді. Енді құс фабрикалары шығын орнына экономикалық пайда көреді.


baribar.kz




Көрілген: 244    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 09:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30