«Қазақстан халқына» қоры бөлген 850 грантқа кімдер өтініш бере алады

08 тамыз 2023, 12:25

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен бұл бағдарлама бойынша кімдер конкурсқа қатыса алатынын айта кетейік:

 

Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:

 

*  ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;

*  жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

*  мүгедектігі бар азаматтар;

*  мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

*  2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;

*  2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;

*  төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.

 

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.

 

Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз.

 

Құжаттарды жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.

 

МАҢЫЗДЫ: Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz