Жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде жедел әрекет ету жасағы кезекшілік етеді және олар түрме сияқты болады: Ақпарат ата-аналарды шошытты

  • Қазақстан мектептерінде жедел әрекет ету жасағы кезекшілік етеді және олар түрме сияқты болады: Ақпарат ата-аналарды шошытты

    Қазақстан мектептерінде жедел әрекет ету жасағы кезекшілік етеді және олар түрме сияқты болады: Ақпарат ата-аналарды шошытты

Қазақстандық ата-аналар әлеуметтік желіде тараған хабарламаларға алаңдаушылық танытуда, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Оларда мектептерде күзетшілердің орнына жедел әрекет ету жасағының сарбаздары кезекшілік етіп, балалар мектепте тергеу изоляторында оқшауланады, ал мектеп автобустары оқушыларды белгісіз бағытта эвакуациялау үшін қолданылады делінген. Ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты.

 
Бұл хабарламаларды ҚР білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

“Аудиожазбада айтылған барлық ақпарат шындыққа жанаспайды. Мектептерде тергеу изоляторы (ШИЗО) кабинеттері болмайды және жедел әрекет ету қызметкерлері күзетпейді. Мектеп – балаларға білім беретін мекеме. Балаларға қатысы жоқ басқа мақсаттар қарастырылмайды. Автобустар балаларды үйден білім беру ұйымдарына және кері қарай тасымалдау үшін ғана пайдаланылатын болады. Олар ата-аналардың келісімінсіз басқа мақсаттарда басқа мекемелерге жіберілмейді. Ата-аналардан тек ресми ақпаратқа ғана сенуді және балалардың білім деңгейін арттыратын осындай хабарламаларға сенбеулерін сұраймыз”, – деп хабарлады министрлік. 




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.08.2021, 11:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31