Жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде каникул уақыты өзгере ме?

  • Қазақстан мектептерінде каникул уақыты өзгере ме?

    Қазақстан мектептерінде каникул уақыты өзгере ме?

Мектептердегі мерекелік іс-шараларға шектеу қойылуы коронавирусқа байланысты емес. Себебі Қазақстанда COVID-2019 анықталған жоқ. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелген жоқ. Сондықтан да карантин жариялап, каникул уақытын өзгертпейміз", - деді Бекшин.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасындағылар коронавирустың алдын алу мақсатында 8 наурыз қарсаңында қоғамдық жерлерге көп бармауға кеңес береді.

Еске салайық,бүгін коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланды. Сондай-ақ, вирустың Үндістанға жеткені белгілі болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы. 




Көрілген: 198    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.03.2020, 19:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30