Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстан мектептерінде патриотизм туралы жаңа сабақ қосылады

07 маусым 2022, 15:46

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда мектеп оқушылары "Патриотизм және жаһандық құзыреттер" атты курстан өтпек. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Патриотизм және жаһандық құзыреттер" атты курс 5-11 сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінде жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр", - деді Мәдина Тыныбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиналысында. 

Оқушыларға арналған жаңа сабақ 2022-2023 оқу жылында қолданысқа енгізілмек.

"Патриотизм және жаһандық құзыреттер" курсы 5-9 сыныптарда келесі салаларды қамтиды: парасаттылық және әдеп, экология мәдениеті, азаматтық және патриотизм, өмір қауіпсіздігі, медиа және қаржылық сауаттылық.