Жаңалықтар

«Қазақстан мұғалімі 2020» ұлттық сыйлығының иегері $10 мың алады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры «Қазақстан мұғалімі 2020» ұлттық сыйлығын табыстайды. Жеңімпаз $10 000 көлеміндегі қаржылай жүлдеге ие болады, сонымен қатар финалға қатысушы 10 үздік ұстаздың сауалнамасы Нобель сыйлығының педагогтарға арналған теңдессіз «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу кезеңіне жіберіледі. Бұл жөнінде ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

2020 жылдан бастап «Үздік педагог 2019» республикалық жарысының қатысушыларынан басқа, еңбек өтілі үш жылдан кем емес, бастапқы және орта білім мекемелерінің педагогы «Қазақстан мұғалімі 2020» ұлттық сыйлығына үміткер бола алады.

 

Оған қатысу үшін www.teacherprize.kz ресми сайтында сауалнама толтыру қажет. Сауалнамалар 2020 жылдың 1 мамырынан 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

 

«Сауалнамада бағаланатын негізгі критерийлердің бірі - педагогтың қоғамдық маңызы бар әлеуметтік істерге қатысуы. Қоғамдық жобалау оқушылардың тұлғалық қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Педагогтың әлеуметтік жобаларда еңбектенуі балаларды біріктіруге, олардың қарым-қатынасын шығармашылыққа толтыруға, балаларды пайдалы істерге қосуға және олардың сана-сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Үміткерлерді әділ іріктеуді тәуелсіз қазылар академиясы жүргізеді. Олардың қатарына Білім және ғылым министрлігінің, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, білім саласындағы тәуелсіз сарапшылар, педагогиканың жетекші мамандары, қоғам қайраткерлері, еліміздің филантроптары кіреді. Халықаралық аудиторлық компания іріктеу үдерісінің аудиті, бағалауы және тестілеуіне қатысып, іріктелген үміткерлердің беделі мен өмірбаяндарына тереңдетілген шолу жүргізеді. Іріктеу Варке қорының (Varkey Foundation) орнатқан критерийлеріне сәйкес өтеді» делінген хабарламада.

 

«Қазақстан мұғалімі 2019» ұлттық сыйлығының жеңімпазы қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының $10 000 көлеміндегі қаржылай жүлдесін және «Жаһандық сыйлықтың Қазақстандағы амбассадоры» атағын иеленеді.

 

Бұған дейін бұл жүлдені Нұр-Сұлтан қаласы дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәні мұғалімі Гүл Муаммер жеңіп алған.

 

Гүл Муаммер Жаһандық сыйлық жеңімпазының есімі жарияланатын білім және дағды бүкіләлемдік форумына (Global Education and Skills Forum) қатысады.

 

Сыйлық жайлы толық ақпаратты 8 702 278 70 78 нөмірі арқылы алуға болады.


 




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 11:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31