Жаңалықтар

Қазақстан оқушылары математика бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кірді

  • Қазақстан оқушылары математика бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кірді

    Қазақстан оқушылары математика бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кірді

Қазақстан оқушыларының математика-жаратылыстану ғылыми сауаты бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кірді.


«Посткеңестік елдерде кадр дайындау жүйесі еңбек нарығының талаптарына сай емес, мемлекеттік реттеу тым артық, ал оқыту негізінен академиялық сипатқа ие» деген пікір бар. Шынымен де, бұл сын әділ. Аталған проблеманы шешу үшін Қазақстан тәуелсіздік жылдарында көптеген әдістерді ой елегінен өткізіп шықты. Бүгінгі күні біздегі білім беру жүйесі біліктілігі жоғары адами капиталды дайындауға тоғыстырылған», - деді министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында. Осы орайда Асхат Аймағамбетов оған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасы жарқын дәлел бола алатынын айтты. Ол бүгінде шамамен 11 мың стипендиат шетелдегі оқуын бітіріп, Қазақстан игілігі үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті. «10 жылдың ішінде Қазақстан адами даму индексі бойынша өсім көрсетіп, адами капиталы өте жоғары деңгейдегі елдердің қатарына кірді. Бізде халықтың 100 пайызға жуығы сауатты. Балалардың 95 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен, ал 100 пайызы мектепте оқумен қамтылған. Оқушыларымыз да бәсекеге қабілетін көрсетіп жүр. Математика-жаратылыстану ғылыми сауаты зерттеуінде балаларымыз прогресс көрсетті. Соңғы өлшемге сәйкес еліміз әлемнің 40 елінің ішінде үздік 10 елдің қатарына кірді», - деді А.Аймағамбетов.


ktk.kz




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 21:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30