Жаңалықтар

Қазақстанда ақылы ҰБТ тапсыру басталды

  • https://baribar.kz/

    https://baribar.kz/

Ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеу бейсенбі, 16 қаңтар күні басталды. 2020 жылдың 20 қаңтарына дейін жалғасады.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сәйкес, тестілеуге қатысуға 95 мың адамнан өтініш түскен. Сынақ қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарына ақылы түрде түсуге болады.

Мұндай тестілеу жылына төрт рет: қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өтеді. Құны – 2 242 теңге. Ал грантқа түсемін деушілер ҰБТ-ны маусым айында тапсыруы тиіс.

Қаңтардағы ҰБТ қалай өтеді

Емтихан тапсыруға арналған 99 пункт бар. Түлектерге 820 дәрісхана ұсынылады. Ол жерде ұялы байланыс болмайды. Бейнебақылау камералары орнатылған. Жемқорлықтың алдын алу үшін әр аудиториядан онлайн-трансляция жүргізіледі. Тәуелсіз бақылаушы ретінде арнайы мониторингтік топтардың мүшелері шақырылады.

Түлектердің жауаптарды көшіруі сынды жайттарды Digital agent қосымшасы арқылы онлайн режимінде хабарлауға болады.

ҰБТ өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар құрылған. Оның құрамына облыс, қала әкімдігінің қызметкерлері, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енген.

Қажеттілік туындаған жағдайда қатысушыларға жеке көмекші, сурдоаудармашы қызметі ұсынылады.

Қанша балл жинау керек

Ұлттық ЖОО-ға түсу үшін тестілеу қорытындысы бойынша 65 ұпайдан аз жинамау керек. "Педагогика ғылымдары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" бойынша – 60 балл және өзге оқу орындарына түсу үшін 50 ұпайдан кем болмауы керек.

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" бойынша кем дегенде 65 балл. Оның ішінде Қазақстан тарихынан, математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығынан 5 ұпайдан кем болмауы тиіс. Әрбір профильдік пән бойынша да 5 ұпайдан аз жинамау керек.

 sputnik




Көрілген: 181    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 10:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30