Жаңалықтар

Қазақстанда балалар үйінің саны айтарлықтай азайды

  • Қазақстанда балалар үйінің саны айтарлықтай азайды

    Қазақстанда балалар үйінің саны айтарлықтай азайды

Қазақстанда балалар үйінің саны қысқарды. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер де азайған. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Ол соңғы үш жылда балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны 32%-ке (6223-тен 4254-ке дейін), ал балалар үйі 30%-ке (138-ден 96-ға дейін) қысқарғанын айтып жеткізді.
Бала асырап алушы ата-аналар мектептері жұмысының нәтижесінде балалар үйлеріне қайтарылған жеткіншектердің де саны азайды.

Асхат Аймағамбетов министрлік жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. Жетім балаларды орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметі, оларды аккредиттеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ әлеуетті асырап алушы ата-аналарды міндетті даярлау рәсімдері реттелген.

"Аталған шараларды енгізу балалар үйінде тәрбиеленетін балалар санын азайтуға, сондай-ақ балалар үйлеріне қайтарылған жеткіншектердің санын төмендетуге мүмкіндік берді. Республикада 23 063 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, олардың 81,5%-і асырап алушы отбасыларда тәрбиеленіп жатыр", – деп атап өтті министр Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ білім және ғылым министрлігі инклюзивті білім беруді дамыту үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың құрдастарымен қатар жалпы білім беретін мектепте оқуына жағдай жасалып жатыр. Биыл ерекше қажеттіліктері бар балаларды жан басына қаржыландыру өседі. Бұл балалардың басым бөлігін инклюзивті білім берумен қамтуға мүмкіндік береді. 

Бұған қоса, биыл мектептерде алғаш рет педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Олар білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға психологиялық және педагогикалық көмек көрсетеді.




Көрілген: 249    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 15:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31