Жаңалықтар

Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасының ауқымы төрт елге кеңейтілді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазақстанда «Болашақ» білім беру бағдарламасы аясында студенттерді оқыту ауқымы 4 елге кеңейтілді. Олардың қатарына Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка кірді. Сондай-ақ тізімге Гонконг (Қытай) қосылды.

 

Осылайша, енді қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша 27 елде оқи алады, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.

 

Естеріңізге сала кетейік, биыл өтінімдерді қабылдау 4 мамырда басталып, 27 қазанға дейін жалғасады. Бүгінгі таңда қазақстандықтардан 158 өтініш келіп түскен.

 

Пандемияға қарамастан, Халықаралық бағдарламалар орталығы қазақстандықтар білім ала алатын шетелдік жоғары оқу орындарының санын ұлғайтты. Егер өткен жылы олардың саны 138 болса, 2021-2023 жылдары 207 жоғары оқу орны қазақстандық азаматтарды оқуға қабылдауға дайын.

 

Бұл ретте жоғары оқу орындарын іріктеу талаптары да күшейтіліп отыр. Мәселен, ЖОО үш халықаралық академиялық рейтингке кіруі тиіс.

 

Стипендияларды тағайындау жүйесіне де өзгерістер енгізіліп жатыр. Ол үш кезеңнен тұрады. Осылайша, маусым айында 90 стипендия, тамызда 170 стипендия және қарашада 125 стипендия бөлінеді.

 

Бұл стипендияны осы кезеңге берілген өтінімдерге сәйкес біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

 

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның 555-і магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінеді. Тағы 500 стипендияны отандық ғалымдар алады.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.05.2021, 17:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31