Жаңалықтар

Қазақстанда дене шынықтыру пән мұғалімдеріне үстемақы төленеді

  • Қазақстанда дене шынықтыру пән мұғалімдеріне үстемақы төленеді

    Қазақстанда дене шынықтыру пән мұғалімдеріне үстемақы төленеді

Биылдан бастап мектеп қабырғасындағы спорттық секцияны өткізетін дене шынықтыру пән мұғалімдеріне қосымша үстемақы төленеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Спорттық секциялар ашып балалар спортын дамытамыз дейміз, бірақ оның екінші жағы бар. Оны жүргізетін адамның еңбегін ұмытпаған жөн. Сондықтан да спорттық секция жетекшілерінің жалақысына қосымша 17 мың теңге үстемақы төленеді. Балаларға арналған спорттық секция аптасына 3 рет өтіп тұруы тиіс. Оны мектептің дене шынықтыру пәні жүргізеді. Бұған дейін спорттық секциялар тегін түрде өткізілетін, ендігі уақытта оған қосымша үстемақы төленеді. Оқуышыларда таңдау болу үшін спорттың барлық түрін қамтуға тырысамыз. Оның ішінде футбол, волейбол, баскетбол, шахмат және тағы басқа. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлері де бар», - деді А. Аймағамбетов елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында. Мининстрдің айтуынша, аталған жаңашылдық биыл қыркүйек айынан бастап қолға алынды. «Біздің мақсат – балаларды көптеп спортқа тарту, баулу. Спортты ілгерілетуге қатысты жұмысты Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп жүргізетін боламыз», - дейді ол. Бұған дейін А. Аймағамбетов ендігі уақытта орта білім беру мектептерінде бір емес бірнеше спорт залдан болатынын айтты.
 inform.kz 




Көрілген: 644    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 14:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31