Қазақстанда жалған диплом үшін жазаны қатаңдатпақ

Қазақстанда жалған диплом үшін жазаны қатаңдатпақ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған дипломдар сатылатын жасырын базарлар туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір жалған диплом сатып алу туралы әлеуметтік желідегі жарнамалар ешкімді таңқалдырмайтын болған. Жалған дипломға қол жетімділік, бағасының арзан болуымен қатар, диплом сататындар жасанды құжатты ешкім түпнұсқадан ажырата алмайды деп сендіреді", - дейді министрлік. 

 
Министрліктің хабарлауынша, қызығушылық танытқан адамды сендірудегі басты құрал -  барлық құжаттардың ресми бланкілерде басылып, нақты түпнұсқамен сәйкес келетіндігі. Дипломдары тексеру кезінде түпнұсқадан еш айырмасы болмайтынын айтады. 

Сатып алынған диплом жұмыс істеу барысында жарамсыз екенін ескерсек, кәсібилік тұрғысына келген кезде ондай адамдар өз ісінің маманы бола алмайды. Нәтижесінде құқық қорғау органдары анықтайтын жалған дипломдар саны жыл сайын артып келеді.

Өткен жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20-ға жуық жалған дипломды әшкереледі. Жалған құжаттарды қолданған адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі "Біле тұра жалған құжатты қолдану" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"2018 жылы ұлттық қауіпсіздік органдары ұлттық компаниялардың біріндегі лауазымға үміткердің жалған жоғары білім туралы дипломын пайдалану фактісін анықтады. Бұл маманның жалған дипломмен қанша мансаптық сатыдан өткенін болжауға болады. 2019 жылы Қызылорда облысындағы колледждердің бірінің оқытушылары біздің елдегі кейбір жоғары оқу орындарының жалған дипломдарын шығарғаны және сатқаны үшін жауапқа тартылды", - деп хабарлады ҰҚК.

Осылайша мамандар жалған диплом жасағандарға жазаны қатаңдатуды сұрады. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста