Жаңалықтар

Қазақстанда ЖОО оқытушыларына қойылатын талап күшейтілді

  • Қазақстанда ЖОО оқытушыларына қойылатын талап күшейтілді

    Қазақстанда ЖОО оқытушыларына қойылатын талап күшейтілді

Білім және ғылым министрлігі оқытушылардың өз саласында практикалық тәжірибесі, сондай-ақ ғылыми дәрежесі болуы керек деп мәлімдеді. Қазақстанда жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын талаптар өзгерді.

Ережеге сәйкес, "Педагогика ғылымдары" бағыты бойынша оқытатын ұстаздардың 50%-нің ғылыми дәрежесі болуы керек. Бұған дейін мұндай талап ұстаздар құрамының 45%-іне қатысты болатын, деп хабарлады Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, ЖОО-лар қосарлы білім беру жүйесін енгізуі және жүзеге асыруы керек. Яғни студенттер ЖОО-да оқу кезінен-ақ білім беру мекемелерінде тәжірибе жинақтауы керек болады. Ол үшін университеттер білім беру ұйымдары және салалық мекемелермен тығыз ынтымақтастық орнатуы қажет.

Сонымен қатар "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқытатын ұстаздардың 50%-інде денсаулық сақтау мекемелеріндегі кемінде 5 жыл практикалық және клиникалық тәжірибесі болуы керек. Бұған дейін денсаулық сақтау саласындағы педагогтерге мұндай талап қойылмаған болатын. Сондай-ақ бакалавриат бойынша түлектердің жалпы санының 80%-ін жұмыспен қамтылуы керек. Бұған дейін бұл көрсеткіш 50% болатын.

"Сәулет және құрылыс" бағыты бойынша оқытушыларға кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талап алғаш рет енгізіліп отыр. Мұндай оқытушылардың саны педагогтердің жалпы санынан 50%-тен кем болмауы тиіс. Сондай-ақ оқытушылар кемінде 5 жылда бір рет ғылыми-зерттеу, ізденіс, жобалау және өндірістік ұйымдарда біліктілігін арттыруы қажет.

Бұдан басқа, жоғары оқу орындарында енді мамандандырылған аудиториялар (құрылыс материалдары мен құрылыс физикасы бойынша, студиялық сабақтарға арналған, гипс мүсіндер қоры бар макеттік шеберхана, архитектуралық бөлшектер, мольберттер) және арнайы материалдары бар 3D-принтерлермен жабдықталған зертханалардың болуы туралы талап енгізілді.

"Құқық" бағыты бойынша студенттерге жыл басынан 72 ЖОО білім берсе, бүгінде олардың саны 67-ге дейін қысқарды.

"Олардың басым бөлігінде білім сапасы онша жақсы болмады. Сондықтан олардың білім беру бағдарламасына қойылатын талаптар қатаңдатылды. Оқытушылардың кемінде 60%-і аз дегенде 5 жылдан бері тәжірибемен айналысып келе жатқан заңгер болуы туралы талап алғаш рет енгізіліп отыр. Сонымен қатар ғылыми дәрежесі бар ұстаздар саны бұрынғы 40%-тен 50%-ке дейін өсетін болды", - деді Білім және ғылым министрлігінде.

Студенттердің практикалық дағдыларды алу мүмкіндігі болуы үшін жоғары оқу орындарында әділет және/немесе ішкі істер органдарымен (полициямен) және/немесе прокуратурамен және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және/немесе экономикалық тергеу қызметімен және/немесе адвокаттар алқасымен және/немесе нотариаттық палаталармен және/немесе заң консультанттары палаталарымен келісімшарт болуы қажет. Студенттер үшін университеттердегі кітапханаларға ғана емес, сонымен бірге лицензияланған халықаралық және ұлттық құқықтық ақпарат қоры да қолжетімді болуы тиісті.

"Біз барлық жаңашылдықты жоғары оқу орындары студенттерге теориялық қана емес, практикалық білім беруі үшін және студенттер таңдаған мамандығын туралы теория бойынша емес, тәжірибе жүзінде игеруі үшін енгіземіз. Өзгерістерді енгізбес бұрын, біз бұл тетіктерді болашақта ЖОО түлектерін жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілермен талқыладық. Яғни, қазір оқытушылардың ғылыми дәрежесінің болуы және олардың дәріс оқуы жеткіліксіз. Оқытушылардың бір бөлігі студенттерді қазіргі еңбек нарығының сұраныстарына сай оқыта алатын тәжірибелі мамандар болуы маңызды", - дейді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.

Сонымен қатар Қазақстанда "Журналистика", "Қоғаммен байланыс", "Мейрамхана ісі", "Бухгалтерия", "Туризм", "Қызмет көрсету", "Қаржы", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Стандарттау және сертификаттау", "Көлік қызметтері" сияқты білім беру бағдарламалары бойынша талаптар өзгерді.
Мысалы, егер бұрын журналистика немесе IT саласындағы оқытушылардың кемінде 40%-інде ғылыми дәреженің болуы талап етілсе, ендігі кезекте білім беру процесіне тәжірибесі бар мамандарды тарту үшін дәрежелілік проценті айтарлықтай төмендеді. Штаттағы оқытушылар санына қойылатын талаптар да өзгерді. Енді осы бағыттар бойынша дайындықты жүзеге асыратын жоғары оқу орындары тәжірибесі бар мамандар мен жұмыс және оқыту процесін қатар алып жүретін мамандарды тарту мүмкіндігіне ие болды.




Көрілген: 1362    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 00:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31