Қазақстанда қанша ЖОО және студент бар
2020/2021 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында филиалдарын қоса алғанда 129 жоғары оқу орны жұмыс істейді. 33 ЖОО &ndash мемлекеттік, 92-сі &ndash жекеменшік, 4-еуі &ndash шетелдік меншік нысаны, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
ҚР Старатегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, ЖОО-лардағы студенттердің жалпы саны 576 557-ні құрайды.
 
Олардың ішінде қыздардың саны - 306 799 немесе 53,2%.
 
Биылғы оқу жылында студенттердің саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 4,6% төмендеген.
 
Барлығы оқуға 152 789 адам қабылданды. 115 186 адам түрлі себеппен оқыту мерзімі аяқталғанға дейін ЖОО-дан шығарылған, бітіргендер саны &ndash 153 627.
 
Студенттердің жалпы санынан 83% күндізгі бөлімде оқиды, 7,6% &ndash қашықтан, 7,3% &ndash сырттай және 2% &ndash кешкі.
 
Мемлекеттік білім беру гранттарының есебінен 196 084 адам білім алуда, бұл студенттердің жалпы санының 34% құрайды, ақылы негізде &ndash 380 473 адам немесе 66% оқиды.
 
Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі - 64,9%, орыс тілінде - 29,6% және ағылшын тілінде 5,5% құрады.
 
Бітірген білікті мамандар 153 627 адамды құрады, бұл 2019/2020 оқу жылымен салыстырғанда 8% (142435 адам) артты.
 
Штаттағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 36 307 адамды құрайды, соның ішінде қоса атқарушылықпен 6137 оқытушы жұмыс істейді.
 
Жалпы профессорлық-оқытушылық құрамнан 8,1% қызметкерлердің ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар, ғылым кандидаты &ndash 31,7%, профессор атағы &ndash 6,3% және доцент &ndash 14,7%.
 
Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны &ndash 13067 адам немесе 36%, философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор &ndash 3079 адам немесе 8,5%.