Қазақстанда мектеп оқушылары қысқы демалыста қанша күн демалатыны белгілі болды

20 желтоқсан 2021, 12:41

Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалыс мерзімі қанша уақытқа созылатынын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қысқы каникул кезінде оқушылар 2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында 11 күн демалады. Бірінші сынып оқушылары үшін 2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында қосымша 7 күн каникул беріледі”, – делінді министрлік баспасөз хабарламасында. 


"Қараңдар, маньяк!": Атырау облысында мектепке кіріп келген жартылай жалаңаш, қанға боялған ер адам оқушыларды шошытты 


Айта кетейік, Қазақстанда балаларды ковидке қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау саласының экс министрі Алексей Цой бұған дейін вакцина егу тек ата-аналардың жазбаша келісімімен жүргізілетінін мәлімдеген болатын.