Жаңалықтар

Қазақстанда мектеп оқушыларына еркін киінуге рұқсат берді

  • Қазақстанда мектеп оқушыларына еркін киінуге рұқсат берді

    Қазақстанда мектеп оқушыларына еркін киінуге рұқсат берді

Қазақстанда оқушыларға мектеп формасын сатып алу міндетті емес, өздеріне лайық, ұқыпты және таза киім кисе де болады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова ОКҚ-да өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды.
"Ата-аналарды мазалап жатқан тағы бір үлкен мәселе – мектеп формасы. Осы оқу жылының басында тиісті бұйрық шығарылып, толық оқу жылында мектеп формасын сақтамау бойынша ұстаным қабылданған болатын. Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты тағы қайталап айтамыз, мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне лайықты, таза, ұқыпты киіммен мектептегі сабақтарға қатыса алады", - деді Қаринова.
Ата-аналарының жалақасы жайлы эссе жаздырған мектеп ұстаздары қарағандылықтардың ашуын тудырды.

Еске салайық, 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары оқытудың аралас форматына көшті.

Осылайша, мектеп оқушыларының 47%-ы тұрақты форматта, ал 53%-ы қашықтан оқиды.




Көрілген: 227    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 17:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31