Жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік университеттерді жекешелендіруге тыйым салынады

  • Қазақстанда мемлекеттік университеттерді жекешелендіруге тыйым салынады

    Қазақстанда мемлекеттік университеттерді жекешелендіруге тыйым салынады

Қазақстанда мемлекеттік университеттерді жекешелендіруге тыйым салынатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Ол мемлекет қарамағындағы ЖОО-ларды жекеменшікке беру дұрыс емес екенін және бұл мәселе заңмен реттелетінін айтты. 

 
"Мәжілістің отырысында мемлекет басшысының тапсырмаларын заңнамалық тұрғыда бекітетін, білім беру үшін маңызды нормалар қамтылған заң жобасы қабылданды. Ол мәселелердің бірі жоғары оқу орындары мемлекеттік кәсіпорындардан акционерлік қоғамдарға өзгергеннен кейін академиялық ортада университеттерді жекешелендіруге байланысты түсініспеушіліктер пайда болды. Әсіресе, бұл мәселені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары көтерді", - деп түсіндірді министр. 

Аймағамбетов мәселе сенаторлардың қарауына жіберілгенін айтты. 

"Аталған мәселені түпкілікті шешу үшін заңға түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық. Енді мемлекеттің 100% меншігіндегі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге мүмкіндік болмайды, демек бұл университеттер мемлекеттің меншігінде қалады. Бұл заң жобасы енді сенатта қаралатын болады, егер сенаторлар қолдаса, мемлекет басшысының қарауына жіберіледі", - дейді Аймағамбетов. 




Көрілген: 611    Пікірлер: 0

жұма, 30.04.2021, 11:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30