Жаңалықтар

Қазақстанда мұғалімдерді енді электронды конкурс нәтижесінде жұмысқа қабылдайды

  • Қазақстанда мұғалімдерді енді электронды конкурс нәтижесінде жұмысқа қабылдайды

    Қазақстанда мұғалімдерді енді электронды конкурс нәтижесінде жұмысқа қабылдайды

Мектеп директорлары енді кадрлық мәселені жеке-дара шеше алмайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз айындағы конференциясында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгеруде. Сондай-ақ, көптеген пікірталас, талқылаулар нәтижесінде біз сарапшылармен, әріптестермен біріге отыра шешім қабылдадық, жақында ғана министрдің бұйрығына қол қойдық. Егер педагогтарды жұмысқа қабылдауды бұрын директор жүзеге асырса, іс жүзінде өз бетінше шешім қабылдаса, енді бұл конкурс арқылы электрондық форматта жүргізілетін болады, - деп хабарлады Аймағамбетов.

 Оның айтуынша, нақты өлшенетін көрсеткіштер, критерийлер бар және осы талаптар негізінде  мектеп пен комиссия педагогтарды жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайды.

Ол сондай-ақ, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарының директорларын өз лауазымдарына тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілгенін, ол балалар үйлеріне, мектептер мен колледждерге қатысты болатынын еске салды.

Бірқатар ұйымдардың басшылары бір жерде 25 және 30 жыл жұмыс істеген жағдайлар кездеседі. Бұл жағдайда тиімділік әрдайым жоғары емес. Тағайындаудың жаңа жүйесі олардың ең негізгілеріне жауап береді және біздің басшыларымыздың жұмысының сапасы мен тиімділігін арттырады деп ойлаймын, – деп түсіндірді министр.

Stan.kz




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.08.2021, 15:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31