Жаңалықтар

Қазақстанда оқушы қыздарға шалбар киюге тыйым салынды

  • Қазақстанда оқушы қыздарға шалбар киюге тыйым салынды

    Қазақстанда оқушы қыздарға шалбар киюге тыйым салынды

Кейбір қазақстандық мектептердің әкімшілігі қыздарға шалбар киюге тыйым салды. Бұл тыйым балаларға да, олардың ата-аналарына да ұнамағандықтан редакцияға шағымданды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға Алматы, Қарағанды және Атырау облыстарындағы мектептерден бірнеше шағым түсті. Ата-аналардың айтуынша, қыздар мектепке тек юбка киіп баруға мәжбүр екен.

"Осындай салқында қыздар шалбар киіп жүру керек. Бұлай тыйым салу заңсыз деп санаймыз, мұндай заң жоқ", - деп шағымданды олар.
Білім және ғылым министрлігі биыл оқушыларға орта білім беру ұйымдарына мектеп формасында немесе классикалық стильдегі киімде оқуға рұқсат етілгенін хабарлады. Классикалық стиль матаның, түс пен өлшемнің қатаң, ұстамдылығымен сипатталады. Қазір мектеп тәжірибесінде үстіне ашық, астына қою түс киюге рұқсат беріледі.

БҒМ мектеп оқушылары мектепке юбка немесе шалбар кию керек деген талап жоқ екенін атап өтті.

"Даулы мәселелер туындаған жағдайда шешім мектептің қоғамдық кеңесінің келісімі бойынша қабылдануы мүмкін. Қазақстан БҒМ азаматтарының өтініштеріне жедел жауап беру үшін ҚР БҒМ КОКСОН сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттері басшыларының, кол-орталықтары мен білім басқармалары басшыларының телефон нөмірлері жарияланды", - деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
Барлық нөмірлер сайтта, білім басқармалары мен департаменттердің әлеуметтік желілерінде жарияланған.




Көрілген: 702    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 13:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31