Жаңалықтар

Қазақстанда оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстандық оқушылар 17 тамыздан бастап екі апталық дайындық курсынан өте алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды   sputniknews.kz тілшісі.

 

Министр жазғы мектепке қатысып-қатыспауды әр бала өзі шешетінін, оқушыларды ешкім мәжбүрлемейтінін атап өтті.

 

"17 тамыздан бастап мектептерде жазғы мектеп форматында екі апта дайындық шарасы өткізіледі. Өңірлер бұл жұмысты бастап кетті. Бұл жұмысты ұйымдастырғанда, біз балаларға өз еркімен қатысу мүмкіндігін беруіміз керек. Сондықтан мәжбүрлеп, бәрі жазғы мектепке қатысуы тиіс деген талап қойылмайды. Біз тек мүмкіндік береміз. Осыны еске салғым келеді", - деді Аймағамбетов.

 

Айтуынша, дайындық негізінен математика, қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі пәндерінен өтеді.

 

Ол тамыздың ортасында мұғалімдер еңбек демалысынан шығатынын айтты. Сондықтан дайындық курстарын өткізуге ешқандай кедергі болмайды.

 

Еске сала кетсек, 25 мамырда 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде өтті. Білім министрі балаларға бейнеқұттықтау жолдады.

 

Биыл коронавирустың таралуына байланысты оқушылар төртінші тоқсанды толығымен қашықтан оқыды. Жаңа оқу жылында балалардың мектепке барып оқуы елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады.

 




Көрілген: 218    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 13:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31